Қазақстандық боксшылар Бразилияда өтетін бокстан Әлем кубогына аттанды

Қазақстандық боксшылар Бразилияда өтетін бокстан Әлем кубогына аттанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2026 09:05 Виктория Графеева, сурет: Instagram/graf.vp
2026 жылдың 20–26 сәуірі аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін бокстан әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы World Boxing ұйымының ресми сайтынан белгілі болды.

Еліміздің атынан ерлер құрамасынан 9 боксшы және әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan

Ресми жеребе тастау рәсімі 2026 жылғы 19 сәуір, жексенбі күні Бразилия уақытымен сағат 18:30-да өтеді. Ойындар 20 сәуір, дүйсенбі күні басталып, "Рафаин Палас" қонақ үйі мен конференция орталығында өтеді.

Өткен жылғы жарыстың жеңімпазы – Өзбекстан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: