Бокстан Әлем кубогы: 4 қазақстандық спортшы финалда ел намысын қорғайды

Бокстан Әлем кубогы: 4 қазақстандық спортшы финалда ел намысын қорғайды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2026 09:10 Виктория Графеева, сурет: Instagram/graf.vp
Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды.

  • 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
  • Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.
  • Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.

Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді. 80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.

Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.

  • 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
  • 65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Венгрия)
  • 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)

Бұған дейін Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медальға ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: