Назым Қызайбай елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты
Сурет: olympic.kz
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Фарзона Фозиловамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Назым Қызайбай жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері Әлем кубогы кезеңінің финалына шығу үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) 1/2 финалға шыққан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript