Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 18:36 Сурет: olympic.kz
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Қытайдың Гуйян қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңін қазақстандық спортшы тоғызыншы орынмен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды. Алайда ол кезеңде қытайлық Шоухун Чуға есе жіберіп, жарысты оныншы орынмен түйіндеді.

Чу финалда жапониялық Ре Омасаны ұтып жеңімпаз атанды. Ал үздік үштікті германиялық Леандер Карманс түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Дамир Тоқтаров, Жандос Қалибай, Бекнұр Алтынбеков пен Әлішер Мұрат іріктеу кезеңінен өте алмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: