Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Сурет: olympic.kz
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін 15-ші нәтижемен аяқтап, әлем біріншілігінің плей-оффына жолдама алған еді.
1/8 финалда Әмір АҚШ өкілі Самуэль Уотсонмен кездесті. Маймұратов сайыс барысында құлап қалды. Нәтижесінде қарсыласы жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық құзға өрмелеуші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript