Қазақстандықтар спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады
Сурет: olympic.kz
Сеулде (Оңтүстік Корея) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында "жылдамдық" бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы сынға түсті.
Тамара Ұлжабаева 19-орынға табан тіреді. Аделия Утешева 32-ші, Анна Баларшина 34-ші нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, плей-офф кезеңіне өте алмады.
Әлем және Еуропа рекордын жаңартқан польшалық Александра Мирослав жеңімпаз атанды. Екінші орынды қытайлық Лицзюань Дэн иеленсе, қола жүлде Яфэй Чжоуға (Қытай) бұйырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript