Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 18:00 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы "жылдамдық" бағдарламасында 1/8 финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын.

Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.

Жүлделер 25 қыркүйекте сарапқа салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: