Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогы кезеңінде ширек финалға дейін жетті

Әмір Маймұратов спорттық құзға өрмелеуден Польшадағы Әлем кубогы кезеңінде ширек финалға дейін жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 18:13 Сурет: olympic.kz
Жақында спорттық құзға өрмелеуден Краков (Польша) қаласында Әлем кубогының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан жеті спортшы қатысты.

Жылдамдық санатында өнер көрсеткен Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде үшінші нәтиже көрсетті. Ал жарыстың негізгі бөлімінде отандасымыз ширек финалға дейін жетті. 

Сонымен қатар Ришат Хайбуллин мен Бекнұр Алтынбеков іріктеу кезеңінен өткен болатын. Алайда қос спортшы да негізгі бөлімде жарыс жолынан шығып қалды. 

Әлем кубогы кезеңінде бірінші орынды индонезиялық спортшы Рахарджати Нурсамса иеленді. Киромал Катибин (Индонезия) екінші орынға жайғасса, жапониялық Ре Омасо үздік үштікті түйіндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: