Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады

Сурет: instagram.com/olympickz
Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп жазады Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!

Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!

Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын!", - делінген құттықтауда.

Ұлттық құрама дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) Париж Олимпиадасында серб Страхиня Бунчичті жығып, қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды