Париж-2024: Қазақстан құрамасының жалпы есептегі орны белгілі болды
Сурет: olympic.kz
Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы қоржынында бір алтын, екі қола медаль бар.
Кеше дздошы Елдос Сметов (60 келі) Қазақстан қоржынына алтын салса, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды.
Ал бүгін, 28 шілдеде дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) та соңғы Олимпиадасында қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы үш медальмен жалпы есепте 7-орынға тұрақтады.
Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Алғашқы орында Оңтүстік Корея (үш алтын, екі күміс, бір қола), екінші орында Аустралия (үш алтын, екі күміс) тұр. Үздік үштікті үш алтын, бір күміс, бір қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript