2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды

Қазақстан тарихында жүзуден алғаш рет 2016 жылы Риода (Бразилия) Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин мен оның жұбайы Кристина 2024 жылдың 28 шілдесінде ата-ана атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.

Сурет: Instagram/dmitriy_balandin_

Баландин 2022 жылдың қыркүйегінде Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген болатын.

Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық.

Ол өзінің мансабын 2022 жылдың 21 қыркүйегінде тоқтатты.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: