Париж-2024: Қамшыбек Қоңқабаев өзінің жеңілісі туралы қандай пікір білдірді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 2024 жылғы жазғы Олимпиададағы алғашқы жекпе-жекте жеңіліс тапқанына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Осы нәтижені қабылдау керекпіз. Барлығын өздеріңіз көрдіңіздер",- деді боксшы.

"Мен бар күшімді салдым. Олимпиада медальдары үшін күресіп жатқан қалған боксшыларымызды қолдаймын және жанкүйер болуға шақырамын". Қамшыбек Қоңқабаев

Бұған дейін Қоңқабаев 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, испаниялық Айюб Гадфа Дриссиге есе жібергені хабарланды.

Алғашқы раундта Қамшыбек 3:2 есебімен алға шыққан. Екінші кезеңде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Ал соңғы, шешуші раундта жеңіс қазақ боксшысына берілгенімен, жалпы жекпе-жекте жеңіс испан боксшының еншісінде кетті.

Осылайша, Дрисси ширек финалға өтті. Бұған дейін қазақстандық Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз