Бүгін Париж татамиіне шыққан қазақстандық дзюдошылар алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошылар Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абылайхан Жұбаназар ерлер арасында 81 келіде сынға түсіп, бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. 

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. 

Осылайша, Жұбаназар келесі айналымға өте алмады. 

Ал 63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде аустриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді. 

Сурет: olympic.kz

Әзірше қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды