"Мені 3 жыл күтті". Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері елге келген соң үйленетінін айтты

Сурет: olympic.kz
Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов жоспарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гимнаст Қазақстанға келген соң ең әуелі үйленетінін айтты.

"Қызым мені күтті. Мен оған 3 жылдан бері "Олимпиада ойындары аяқталған соң үйленеміз, шыдамды болыңыз, бәрі жақсы болады" деп айтып келемін. Жоспарым ойымдағыдай орындалды". Нариман Құрбанов

Еске салайық, Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті