Жазғы Олимпиада ойындары-2024: оныншы жарыс күнінің нәтижесі (5 тамыз)

Сурет: olympic.kz
Жазғы Олимпиада ойындарының оныншы жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды. Бұл күні жарыс жолына шыққан спортшылардың бәрі жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд.

Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді.

Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4.

Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6.

Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін