Ресейлік боксшы гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифті шаршы алаңға шақырды

Сурет: Instagram/azaalinka/imane_khelif_10
Ресейлік боксшы Азалия Аминева гендерлік сынақтан өте алмаған алжирлік Иман Хелифпен жекпе-жегі туралы пікірін айтты. Айта кетейік, олар 2023 жылы бақ сынасқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

RT мәліметтері бойынша, Аминева үшінші раундта Хелифті нокдаунға жібергенін атап өтіп, үлкен күш айырмашылығын сезінбегенін айтты.

"Менің ойымша, екі жылдан кейін мен онымен рингке қайта шығып, реванш ала аламын". Ресейлік боксшы Азалия Аминева

Ресейлік боксшы Хелифпен 2023 жылы Үндістанда өткен әлем чемпионатында кездесті. Шаршы алаңда Амина қарсыласын нокдаунға жіберсе де, қорытынды нәтижеде жеңіліс тапты.

Осылайша Алжирден келген боксшы Иман Хелиф финалға шыққан.

Қазір Хелиф Парижде Олимпиада чемпионы атағы үшін күресті жалғастыруда. Ол айналасындағы көптеген сын мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, өзінің биологиялық әйел екенін дәлелдей алды.

Бүгінгі, 7 тамыздағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына жерден көре аласыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс