Ептілік жетіспеді: Жадыраевтың бапкері спортшының финалдық ойынындағы өнеріне қатысты пікір білдірді

Сурет: olympic.kz
Грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан Демеу Жадыраевтің жаттықтырушысы Юрий Мельниченко 7 тамызда Париждегі Олимпиада ойындарының финалында спортшының өнеріне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол жақсы күресті, дегенмен ептілік жетіспеді. Бір сәтте қалт кетіп, тепе-теңдікті ұстай алмай қалды. Өте өкінішті. Басынан аяғына дейін күресіп, тырысты, бәрі жақсы, қанша айтқанмен оның қарсыласы әлемдік деңгейде. Соған қарамастан, ол күміс жүлдені қанжығаға байлады. Бұл үлкен жетістік", – деді Юрий Мельниченко.

Бұған дейін Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанғаны хабарланды. 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды.

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды