Париж-2024: Ұлы әкесінің 20 жыл бұрынғы олимпиадалық рекордын жаңартты

Сурет: Instagram/alekna.m
Париждегі жазғы ойындарда диск лақтыру жарыстары өтті, онда литвалық Миколас Алекна снарядты 69,97 метрге лақтырып, 2004 жылы орнатылған әкесі Виргилийдің олимпиадалық рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 жастағы спортшы Олимпиадалық ойынның финалдық бөлімінде екінші әрекеттенде дискіні 69,97 метрге лақтырды.

Бұл лақтыру кіші Алекнеге әкесі Виргилийдің жетістігін жаңартуға мүмкіндік берді. Бұған дейінге рекордты 2004 жылы Афинадағы Олимпиадада әкесі 69,89 метрмен орнатқан болатын.

Бір қызығы, Миколастың ең жоғары олимпиадалық жетістігі ұзаққа созылмады. Төртінші әрекетінде Кіші Алекнаның рекордын ямайкалық дискометші Роджер Стоуна – 70 метрлік есеппен жаңартты. Осылайша литвалыққа "күміс" бұйырды.

Айта кету керек, осы жылдың сәуір айында Миколас Алекна диск лақтыруда 74,35 метр жаңа әлемдік рекордқа ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты