Әлішер Ерғалидің бапкері: Белдесу тағдырын төрт ұпай шешіп кетті

Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Өте өкінішті. Біз жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті. 

Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды. 

Тажудиновті бабында емес деп айтуға болмайды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді. 

Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед финалға шықса, әрі қарай жақсы күресеміз деп ойлаймын", - деді Әлішердің жеке бапкері Пернебек Беласар.

Айта кетейік, Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында әлем және Азия чемпионы Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын.

Егер қарсыласы финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады