Еркін күрес: қазақстандық балуан Олимпиаданың жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды

Сурет: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

97 келіге дейінгі салмақта белдескен Әлішер Ерғали ширек финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберген болатын. Жұбаныш белдесуіне қатысу үшін Әлішер қарсыласының финалға дейін сүрінбей жетуін күтті. 

Тажудинов болса, жартылай финалда әлем және Олимпиада чемпионы, америкалық Кайл Снайдермен кездесіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Енді Әлішер Ерғали ирандық Азарпира Амиралимен жұбаныш белдесуінде бақ сынайды. Белдесу Астана уақытымен 14:00-ге жоспарланған. 

Егер жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медальға таласу мүмкіндігі пайда болады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз