Федерацияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл шешім Вячеслав Константиновичтің ҚТФ президенті лауазымында жасаған жұмысы мен қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесі болды.
"2013 жылы таеквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ командасы мен мен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік". Вячеслав Ким
Оның айтуынша, отандық таеквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімді.
"Біз Қазақстанның таеквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық, бұл тек бастамасы ғана. Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын. Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен осы жолда болған барлық адамдарға: әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық адамдарға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін", — деді Ким.
Айта кетсек, бүгін Қайрат Сатжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалғаны белгілі болды.