Жауынгерлік спорт түрлерінен Азия ойындары өтпейтін болды

Таиланд, жауынгерлік спорт түрлерінен Азия ойындары, өтпейді Сурет: pixabay
21-30 қараша күндері Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында ұйымдастырылуы тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы VI-шы Азия ойындары өтпейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, 2024 жылдың 15 тамызында Азия Олимпиада Кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл отырыс өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымы жоқтығын және өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады. 

Айта кетелік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын. 

АОК Атқарушы комитетінің шешімі бойынша, келесі ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. 

Бұған дейін қыркүйек айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы матчтарға шақырылған Ұлттық құрама ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің өкілеттілігі жаңарды

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

15 сәуір - Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні: мөлдір махаббат тарихы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады