Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін жерлестеріміз екі спорт түрінен сайысқа түседі

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Бүгін, 30 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 тамызда пара таеквондо  және пара жеңіл атлетикадан  екі 2 медаль жиынтығы ойналады.

Пара таеквондодан жарыстың 1/4 финалында 57 келі салмақта отандасымыз Камила Досмалова өнер көрсетеді. Ол бүгін өзара бақ сынасатын кениялық  Джульетта Мойпо мен сербиялық Мария Мицеваның бірімен күш сынасатын болады.

Пара жеңіл атлетикада 100 метрге жүгіруден Салтанат Әбілқасымқызы өнер көрсетеді.

Айта кетсек, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.

Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босния құрамасымен кездесетін болады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады