Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші матчында да жеңіске жетті

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Шайбалы хоккейден Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық Олимпаиада комитетінің хабарлауынша, 30 тамызда кешке D тобындағы іріктеу турнирі аясындағы екінші матчты Қазақстан құрамасы Австрияға қарсы өткізді. Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарды. 

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді. 

Араға 10 минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1. 

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті. 

Енді ұлттық құрама шешуші матчта Словакияға қарсы ойнайды.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды