Паралимпиада ойындары-2024: қазақстандық спортшылардың 3 қыркүйектегі жарыс кестесі

Сурет: Instagram/csp_parasport.kz
Бүгін, 3 қыркүйекте қазақстандық екі спортшы бір спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшылардың жарыстары түскі уақытта басталып, финал түнде өтеді.

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Бірінші болып жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сиязбек Далиев сынға түседі, ол 12 жасында жарақат салдарынан екі қолсыз қалған болатын.

Екінші кезекте Нұрдәулет Жұмағали бақ сынайды. Ол Токиодағы 2020 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Оның санаты-SM13. Онда көру қабілеті нашар спортшылар жарысады.

1 қыркүйекте қола медальға таласқан екі отандасымыз қарсыластарына есе жібергені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Сейсмологтар Каспий теңізінде тағы бір жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Ақтөбені Атыраумен байланыстыратын жолды салып жатқан жұмысшылар жарты жыл жалақы алмаған