Паралимпиада-2024: жарыстың алтыншы күнінің қорытындысы

Фото: Zakon.kz
2024 жылдың 3 қыркүйегінде Паралимпиаданың алтыншы күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің жарыс күні жайлы қорытындысы келесідей:

Пара жүзу: SM13 санатында 200 метрге кешенді жүзуде бақ сынаған Нұрдәулет Жұмағали 2:20.31 секунд нәтижесімен жалпы есепте 10-орынға тұрақтады.

50 метрге шалқалай жүзу бойынша іріктеу кезеңіне қатысқан Сиязбек Дәлиев финалға шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 40.14 секунд.

Паралимпиаданың алтыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.

Қазір Паралимпиададағы медальдар саны бойынша Қытай көш бастап тұр, ал Қазақстан 53-ші орында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды