Күрес түрлерінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық балуан күміс медаль иеленді

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліп қалды. Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды. 

Осылайша, Ашрапов әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.

Бұған дейін қазақстандық "классиктер" Испания боз кілемінде сәтті өнер көрсетіп, үш қола медаль жеңіп алған болатын. 

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз