Паралимпиада-2024: сегізінші жарыс күнінің қорытындысы

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
2024 жылғы 5 қыркүйекте жазғы Паралимпиаданың сегізінші күні аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің жарыс күні жайлы қорытындысы келесідей:

Пара дзюдо: 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Альфия Тілекқабыл жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Пара жүзу: Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Нұрдәулет өз санатында жаңа Паралимпиада рекордын орнатты.

Әмір Мұратбеков 100 метрге брасс әдісімен (SB11 санатында) жүзудің финалына қатысып, жүлделі орынға жете алмады.

Пара пауэрлифтинг: 59 кг салмақта бақ сынаған Станислав Шакиев 178 киломен 7-орынға тұрақтады.

Пара жеңіл атлетика: Ядро лақтырудан финалда өнер көрсеткен Еламан Жоламан жарысты 7-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды