Дзюдо, каноэ, пауэрлифтинг: 7 қыркүйекте өнер көрсететін отандық спортшылар тізімі

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Сенбіде, 7 қыркүйекте қазақстандық спортшылар Паралимпиада ойындарында үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Парижде отандық тоғыз паралимпиадашы өнер көрсетеді. 

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Көбісі пара дзюдода өз күштерін сынайды. Мұндағы бес спортшының бірі жалғыз әйел – Зарина Райфова.  33 жастағы Атырау қаласының тумасы 70-тен аса салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайды. Райфова - дзюдо және самбодан ҚР спорт шебері, 2023 жылғы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері.

6 қыркүйекте дзюдошылар Қазақстанның қоржынын екі медальмен толықтырды. Бірі - 57 келі салмақта пара дзюдодан қола медаль иеленген Даяна Федосова, тағы бірі - пара дзюдодан 73 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль ұтқан Ерғали Шамей.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз