2025 жылғы Дэвис Кубогы: Қазақстан құрамасы Пәкістанмен бақ сынасады

Сурет: ktf.kz
7 қазанда Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 2025 жылғы Дэвис Кубогының I және II Дүниежүзілік топтары бойынша тартылған жеребе нәтижелерін жариялады. Қазақстан құрамасы бірінші топқа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшілер келесі жылдың басында Пәкістан командасымен кездеседі, деп хабарлайды ITF баспасөз қызметі.

I Дүниежүзілік топтың плей-офф ойындары келесі маусымда 31 қаңтардан 1 ақпанға дейін немесе 1-2 ақпанда "өз алаңы немесе сырт алаң" қағидаты бойынша өтеді.

I Дүниежүзілік топтың плей-офф кезеңінің 13 жеңімпазы 2025 жылдың қыркүйегінде I Дүниежүзілік топ аясында өнер көрсетеді. Ал жеңіліске ұшыраған 12 ел II Дүниежүзілік топтың матчында ойнайды.

I Дүниежүзілік топтың матчтары келесі жылы 13-14 немесе 14-15 қыркүйекте өтеді.  I дүниежүзілік топтың 13 жеңімпаз елі 2026 жылғы Дэвис Кубогының іріктеу матчтарына қатысады.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз