Роналду өз құрамасы сапында 100 рет жеңіске жеткен әлемдегі алғашқы футболшы атанды

Сурет: Instagram/portugal
Португалияның спорт жұлдызы Криштиану Роналду өз командасы үшін ресми матчтарда 100 рет жеңіске жеткен әлемдегі алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қазанға қараған түні Португалия командасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында Польшаны 3-1 есебімен жеңді. Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду осы кездесуде бір рет гол соқты. Осылайша, Роналду Португалия құрамасы үшін ресми түрде 100 ойында жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы футболшы атанды.

"Ұлттар лигасындағы маңызды жеңіс. Барлығыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет, алға қарай жылжи береміз". Криштиану Роналду

Польша құрамасының қақпасына гол соққан Роналду командалар арасындағы үздік бомбардирлер тізіміндегі көшбасшылық позициясын нығайтты. Бұл - оның өз елі үшін соққан 133-ші голы, одан кейін Аргентина үшін 109 гол соққан Лионель Месси тұр.  Осы уақытта дейін португалдық өз мансабында барлығы 906 гол соға білген. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз