Алан Құрманғалиев жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты

Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Хельсинборг қаласында (Швеция) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев 1/8 финалдық матчта жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кезеңде Құрманғалиевтің қарсыласы неміс спортшысы Андре Бертельсмайер болды. Кездесу 4:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, 17 жастағы Алан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер санатында өнер көрсетті.

1/16 финалда Құрманғалиев Камерундық Юлан Батиксты 4:3 есебімен жеңіп, жарысты жалғастырған еді.

Сонымен қатар, ол жұптық сайыстарда да бақ сынады. Төменде оның нәтижелері көрсетілген:

Жұптық сайыс, 1/8 финал

Алан Құрманғалиев/Вассим Эсид (Қазақстан/Тунис) - Флавьен Котон/Натан Лам (Франция) 1:3.

Аралас жұптық сайыс, 1/16 финал

Алан Құрманғалиев/Вонг Хой Тунг (Қазақстан/Гонконг) - Исак Альфредссон/Агнес Свенссон (Швеция) 2:3.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін