Михаил Шайдоров Гран-При финалына шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан 2024-2025 жылғы маусымдағы Гран-Придің финалына Ұлттық құрама спортшысы Михаил Шайдоровтың қатысатыны ресми белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытынды турнир 6-8 желтоқсан аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді.

Әуеліде Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жариялаған үздік 6 сплртшының тізімінде Шайдоров болмаған.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2024), 2 дүркін Еуропа чемпионы Адам Сяо Хим Фа тобығын ауыртып алып, өз жанкүйерлерінің көз алдында өнер көрсете алмайтын болған соң оның орнын Михаил басты.

Қазақстандық Қытайдағы Гран-приде күміс жүлде жеңіп алғаннан кейін қосалқы құрамдағы үміткерлер арасында 1-сатыға көтерілген (маусымда 22 ұпаймен).

Греноблде сынға түсетін ерлер:

Гран-Придің финалы тек таңдаулы спортшылар қатысатын жарыс саналады. Әйелдер және жұптық сында финалға шыққан қазақстандықтар жоқ. Айта кетейік, маусымдағы Гран-При кезеңдері Техас (АҚШ), Галифакс (Канада) Анже (Франция), Токио (Жапония), Хельсинки (Финляндия) және Чунцин (Қытай) қаласында өтті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: