Қазақстанды Олимпиада медалінен айырған балуан спорттан шеттетілді

Сурет: uww.org
Ұлттық допингке қарсы агенттік үндістандық әлемдік күрес жұлдызы Байранга Пунияны төрт жылға дисквалификациялады. Себебі осы жылдың наурыз айында ол допингті анықтау сынағынан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше,  Пуния бірнеше жыл бойы қазақстандық Дәулет Ниязбековтің 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең мықты қарсыластарының бірі болды. Мәселен, Токио Олимпиадасында қола медаль үшін күресте ол біздің отандасымызды 8:0 есебімен жеңді.

Үнді спортшысының мансабындағы негізгі жетістіктері: екі Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013, 2018), төрт Азия чемпионатының финалисті (2014, 2020, 2021, 2022), Азиада финалисті (2014), екі дүркін Азия чемпионы (2017, 2019), Азиада чемпионы (2018), Әлем чемпионатының финалисті (2018), үш әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013, 2019, 2022), Олимпиаданың қола жүлдегері (2021). Үндістан Республикасының спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бұған дейін титулға ие қазақстандық таэквондисттің мансабын аяқтағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады