"Вашингтон" клубы "Торонтоны" ұтып, көшбасшылар кестесінде екінші орынға көтерілді

Сурет: Instagram/capitals
7 желтоқсанда таңертең канадалық Торонтода Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында "Вашингтон Капиталс" Maple lifes мұз айдыны қожайындарын 3-1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жеңістің арқасында Вашингтон активін тағы толықтырып, 38 ұпаймен ҰХЛ-дың жалпы кестесінде екінші орынға көтерілді.

Шешуші шайба өте қызық жағдайда жасалды.Торонто хоккейшісі Остон Мэттьюс абдырап жүріп, қателікке жол береді, онда да оның шайбасы бас төрешіге тиеді. Одан қайта ұшқан шайба бағытын өзгертіп, Капитал өкілі Коннор Макмайклдың таяғына дөп келе қалады, ол оны бірден қақпаға бағыттайды. Есеп: 3:1.

"Үйеңкі жапырақтарын" осылайша жеңген елордалық ұжым әлі де Шығыс конференциясының турнирлік кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды, оның үстіне ҰХЛ-дағы үздік командалар рейтингісінде екінші орынға көтерілді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді