Тоқаев Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, UFC 310 турнирі аясында отандасымыз Шавкат Рахмонов ирландық Иен Гэрриге қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Кездесу Лас-Вегаста (АҚШ) өтті.

Кездесу бес раундқа жоспарланып, нәтижесінде Шавкат Рахмонов айласын асыра алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды