Норвегиялық футболшы Холанд өзі туралы әзілдерге пікір білдірді
Сурет: Facebook/erlinghaaland
Норвегиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд өзі туралы әлеуметтік желілерде тараған әзілдерге қатысты пікір білдіріп, арнайы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Футболшы өзінің YouTube арнасында көрсетілген мемдердің басым бөлігін шынымен күлкілі деп бағалады. Солардың бірі – оның шаш үлгісін пиязға ұқсатқан әзіл.
Сондай-ақ бейнероликте ресейлік модель Анастасия Костромитина туралы да айтылды. Ол Холандқа ерекше ұқсастығының арқасында танымал болып, тіпті әлемдік таблоидтардың назарына ілінген.
Норвегиялық шабуылшы туралы мемдер соңғы әлем чемпионаты кезінде кеңінен тарай бастады. Кейін жанкүйерлер оның бұрын түсірілген "Kygo jo" атты рэп-бейнебаянын тауып, ол күтпеген жерден ондаған миллион қаралым жинады.
"Мемдер керемет, өте күлкілі. Адам өзіне де, өзі туралы әзілдерге де күле білуі керек. Кейде адамдар бәрін жүрегіне тым жақын қабылдап жатады", – деді Эрлинг Холанд.
Бұған дейін төреші Матильда Демонсэ "Мец" (Франция) пен "Фортуна" (Нидерланды) командалары арасындағы футболдан жолдастық матч кезінде ауыр жарақат алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

