"Ақталғаным емес". Танымал әнші Әблязовпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді
Сурет: Instagram/kydyrali_bolman
Әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде тараған Мұхтар Әблязовпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, желіде жарияланған Болмановтың жас кезіндегі суреті екенін аңғару қиын емес. Өзі де бұл суретке 25 жыл болғанын айтады.
"...Осы суреттегі азаматтар кезінде өнер мен білім саласының үздіктері болып, марапатталып еді. Сарапшылар алқасы Төрегелді Шарманов, Ақселеу Сейдімбек, Қадыр Мырза Әлі болатын. "Ұлытау" тобы да “Тарлан” сыйлығын алып еді. Сол кезде естелік фотоға түскеніміз бар. Әбіләзовпен дос та, қас та емеспін. Танымаймын да, әңгімелесіп те көрген емеспін" деп жазады Қыдырәлі Болманов Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ ол бұл ақталуға жатпайтынын баса атап өтіпті.
"...Менің бақытым – тазалығымда. Ешқашан ұрлық жасамадым. Үкіметтен қаржы сұрамадым. Тығылып, қуыстанып жүретін өмірден Құдай мені сақтаған! Абыроймен марапаттаған. Әрі қарай өздеріңіз білесіздер! Бұл – ақталғаным емес, ағымнан жарылғаным", – депті өнер иесі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript