Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады

Сурет: Instagram/iangarry
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Иэн Гэрри өзінің Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновқа қазақ тілінде үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ирландиялыққа қарсы күресте Рахмонов алғаш рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңе алмады.

"Шавкат, сен титулдық жекпе-жекті қабылдамауға болатын кезде, тәуекелге бел буып қабылдадың. Мен саған және сенің талантыңа тәнтімін. Құттықтаймын, болашақта қайта кездесер сәтті асыға күтемін — екеуміз де кімнің мықты жауынгер екенін білеміз",- деп жазды ол.

Сурет: Instagram/iangarry

Эдуард Базров — құрамында Шавкат Рахмонов өнер көрсететін Dar Team командасының бас жаттықтырушысы, Рахмоновтың Иэн Гэрриді неліктен бірден жеңе алмағандығының себебі түсіндірді.

"Бұл жекпе-жек алдында денсаулыққа байланысты өте үлкен проблемалар болды. Тек біз ештеңе айтқан жоқпыз. Жекпе-жекке қалай бармыз, солай шықтық. Біздің орнымызда UFC-тің бірде-бір жауынгері бұндай күйде алаңға шықпас еді. Нақтырақ айтсақ, мәселе Шавкаттың денсаулығына қатысты болды", — деді ол.

Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың Гэрриді жеңіп, UFC 310 турниріндегі 19-жеңісіне қол жеткізгені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды