Шайбалы хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасынан Олимпиадаға іріктеу турниріне кімдер қатысады

Сурет: Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасының Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне қатысатын ойыншылар құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта Аустрияның Берг қаласында команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Турнир 12-15 желтоқсан аралығында Словакияның Пьештяни қаласында өтеді. Келесі кезеңге өту үшін Қазақстан командасы Словакия, Словения және Исландия құрамаларымен ойнайды. Құрамға 22 ойыншы енген, оның 20-сы негізгі , екі ойыншы қақпашы. 

Қақпашылар: Полина Говтва ("Торпедо", Өскемен), Арина Щеколова ("Томирис", Астана).

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай ("Томирис", Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева ("Торпедо", Өскемен), Анна Пяткова, Ажар Хамимульдинова ("Айсұлу", Алматы).

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова, Мадина Тұрсынова ("Айсұлу", Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай ("Томирис", Астана), София Зубкова, Дилназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы ("Торпедо", Өскемен).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты