Аса ауыр салмақтағы боксшымыз құрлық біріншілігінің жеңімпазы атағы үшін тартыста өзбек боксшысы Олтина Сотимбоевамен кездесті.
Спортшылар бастапқы раундтарды іс жүзінде тең жағдайда өткізіп, күшті соққылармен алмасты. Шешуші кезеңде Эльдана қарсыласынан озық шығып, ақыры төрешілердің көзайымына айналды.
Осылайша, біздің әйелдер құрамасы абсолютті рекорд көрсетті. Бес финалдық кездесу өткізіп, барлығын сәтті нәтижемен аяқтады.
10 желтоқсанда бокстан 2024 жылғы чемпионатта Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданов, Гүлсай Ержан және Елдана Тәліпованың құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды.
Біздің аруларымыздың осылайша асығы алшысынан түсті. Ендігі кезек ерлер командасына келді, олардың тоғызын біз 11 желтоқсанда тай жарысының финалында көретін боламыз.