2027 жылғы бокстан Әлем чемпионаты Астанада өтетіні мәлім болды

Сурет: gov.kz
World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өткізілетіні туралы 13 желтоқсанда ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.

Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

"2027 жылы Олимпиада алдында өтетін бокстан әлем чемпионатын өткізу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Біздің ел ірі халықаралық спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуде мол тәжірибеге ие және бұл турнир де сол дәстүрден тыс қалмайтынына сенімдімін. Олимпиада алдындағы бұл чемпионаттың маңыздылығын түсіне отырып, World Boxing ұйымына білдірген сенімі үшін алғысымды айтамын," – деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді. 

Бұған дейін даулы мәселеден кейін Азия чемпионы атағы қазақ боксшына берілгені хабарланған.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды