Тістеп алған: қазақстандық боксшы Азия чемпионатындағы жанжалдан кейін жеңімпаз атанды

Тістеп алған: қазақстандық боксшы жанжалдан кейін чемпион атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 08:56 Сурет: olympic.kz
Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады.

"Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар". Қазақстан бокс федерациясы

Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырды.

71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: