Хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: ҰОК
13 желтоқсанда шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словакияның Пьештяни қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Словения құрамасымен кездесті. Ойын 3:0 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды. 

Бұл отандастарымыздың турнир барысындағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін, D тобының алғашқы матчында Қазақстан Словакиядан ұтылған еді.

Ендігі ойында қазақстандықтар Исландия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңіне, әр топта бірінші орын алған команда ғана жолдама алады.

Бұған дейін 2027 жылғы бокстан Әлем чемпионаты Астанада өтетіні мәлім болған еді.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда