"Ордабасы" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Сурет: instagram.com/fc__ordabasy
"Ордабасы" футбол клубы бас бапкерлікке 50 жастағы молдовалық маман Андрей Мартиннің тағайындалғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Андрей Мартиннің бүгін, 22 желтоқсанда Шымкентке келісімшартқа қол қою үшін келгені белгілі болды. 

Бұған дейін ол Молдованың "Петрокуб" командасының тізгінін ұстаған. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті.

Молдовалық маман 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келген, футболшы мансабында қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен. 

2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. 

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық маман Кирилл Кекер бас бапкерліктен кетті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз