Қазақстандық жас теннисші Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) тарапынан "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аңсар Еуропа одағына кірмейтін елдер арасынан озып шықты. Биыл жоғары нәтижелерге қол жеткізген Ниетқалиев TE рейтингісінде жылды 41-орынмен аяқтады. 

Осы маусымда қазақстандық теннисші жекелей сында Soul Cup ((Istanbul, Türkiye, екінші санат), Ankara Cup (Ankara, Türkiye) және Ergan Cup (Erzincan, Türkiye, екеуі де үшінші санат) турнирлерінде жеңімпаз атанды. Оған қоса жұптық сында екі рет Soul Cup (Istanbul) жарысында титулды жеңіп алды. Сондай-ақ жекелей сында тағы екі ТЕ додасында финалға дейін жетті. 

Астана теннис мектебінің түлегі Аңсар Ниетқалиевтің жеке бапкері – Мұхамадамин Ерматов. Бұдан бұрын осы аталым бойынша 2021 жылы Зара Дәркен, 2022 жылы Заңғар Нұрланұлы, 2023 жылы Ева Корышева мен Даниэль Тазабеков марапатталған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін