Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы матчында жеңіліс тапты

Сурет: федерацияның баспасөз қызметі
Шайбалы хоккейден Қазақстан хоккей құрамасы Оттавада (Канада) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің құрама турнирдің алғашқы матчында Швецияға есе жіберді.

Алғашқы кезең қазақстандық хоккейшілер үшін сәтсіз өтті – шведтер жауапсыз бес шайба салды. Екінші кезеңде айтарлықтай өзгеріс болмады, қарсылас тағы бір шайба салды. 

Алайда кезеңнің соңында Артур Гросс осы чемпионаттағы құраманың алғашқы голын соқты.

Үшінші кезеңде Швеция тағы екі шайба салып, матчты 8:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Швеция – Қазақстан - 8:1 - (5:0, 1:1, 2:0)

Қақпашылар: Гидлоф - Никитин

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді