Майамиде полиция қызметкерін ұрып-соққаны үшін Олимпиада жүлдегері қамауға алынды

Сурет: Instagram/fkerley99/
100 метрге жүгіруден Олимпиада жүлдегері америкалық Фред Керли Майамиде қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Керли полициямен көлігі туралы сөйлескен. Бір кезде ол агрессия танытып, қасарыса бастаған. Полиция спортшыны ұстамақ болады, бірақ Керли қарсылық көрсете бастаған. Соның салдарынан оған қарсы электрошокер пайдаланылған, деп хабарлайды NBC.

Керли қамауға алынды. Ол полиция қызметкерін ұрып-соғып, қоғамдық тәртіпті бұзып, полицияға қарсылық көрсетті деген күдікке ілінді.

Олимпиадаға келетін болсақ, ол Парижде үшінші болып келді. Керли сонымен қатар Токиода 100 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алды.

Бұған дейін 29 жастағы боксшының нокауттан кейін бірнеше күннен кейін қайтыс болғаны белгілі болған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн қалай тапсыруға болады