Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда қазақстандық спортшы 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жапониялық Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанды. Үшінші орынды тағы бір жапондық спортшы Мисе Курэа (66.63) иеленді.

Ал Юлия Феклистова – 13-орынды иеленсе, Анастасия Ларионова – 17-орын, Виктория Кузнецова – 18-орын, Юлия Мокина – 22-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар, 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз