Юлия Путинцева Australian Open алғашқы айналымында армениялық теннисшіні жеңді

Сурет: ktf.kz
Әлемнің 23-ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 41-орында тұрған армениялық Элина Аванесянмен өткізді.

Бірінші партияда армениялық теннисші сәттірек ойнады – 6:4. Екінші сетте Путинцева брейкпен алға кетті – 2:0. Бірақ сетке доп бергенде, Аванесян таразы басын теңестірді – 5:5. Дегенмен Юлия тағы бір брейк жасап, дегеніне жетті – 7:5. Үшінші, шешуші партияны да Путинцева брейкпен бастады – 2:0. Сосын тағы бір брейкпен есепті 5:2-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, есесін жіберген жоқ – 6:2.

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін рейтингіде 204-сатыдағы қытайлық Чжан Шуаймен шеберлік байқастырады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз